Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтыпты

3 сәуірде Астанада спорт саласы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің отырысы өтті

Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтыпты
Фото:olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтты,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы KAZ.NUR.KZ ҰОК-нің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бүгін, 3 сәуірде Астанада спорт саласы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің отырысы өтті. Бұл жиында Геннадий Головкин былай деді: "Менің ұстанымым әу бастан анық және өзгерген емес. Мен бүкіл спорттық мансабымда жемқорлыққа нөлдік төзімділік бағытын ұстандым, сондай-ақ, оның кез келген көрінісіне қатал шара қолдануды құптаймын. Бұл тұрғыда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спорттағы жемқорлықты жоюға бағытталған кез келген қадамды қолдайды. ҰОК мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын қоғамдық ұйым екенін атап өту керек және бұл солай болуы тиіс деп есептеймін. ҰОК Агенттікке өз тарапынан спорттағы сыбайлас жемқорлықпен күресте жан-жақты көмек көрсетуге ниетті". Отырыс барысында спорттағы жүйелі мәселелер мен сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылық және ұрлық деңгейінің өсуіне ықпал ететін жайттарды дереу анықтап, жою қажеттігіне баса назар аударылды. Жиын соңында спорт саласындағы құзырлы органдарға талдау барысында айтылған ескертулерді жою туралы ұсыныстар айтылды.