Актриса Әсел Асқар денсаулығы сыр бергенін айтыпты
Стресстен кейін денсаулығым нашарлады,-деді ол
Актриса Әсел Асқардың денсаулығы сыр берді. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында қазір денінің саулығын қалыпқа келтіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz
"Қазір денсаулығымды дұрыстап жатырмын. Стресстен кейін денсаулығым нашарлады. Алдымен ішкі құрылысымды емдеуден бастадым. Сосын гормондарды емдедім. Менің бір ғана теріс әдетім бар. Темекі тартамын. Оны айтудың ұяты жоқ деп ойлаймын. Оны халық көреді, көшеде көреді", – деді Әсел Асқар.