Түркістанда "Қапланбек-Жібек жолы" автомобиль жолына асфальт төсеу басталды
10,6 шақырымды құрайтын автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары басталды
Сарыағаш ауданындағы жалпы ұзындығы 10,6 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-52 «Қапланбек – Жібек жолы» автомобиль жолына мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Нысанның жұмысы 2023 жылы басталып, биыл шілде айында толық пайдалануға берілетін болады.
Сондай-ақ, жол бойындағы Жонарық, Жаңақұрылыс, Қарабау, Зортөбе, Жібек жолы елді мекендерінің ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынған болатын. Биыл асфальт жабындысын толығымен жаңартып, жарамсыз су өткізгіш құбырларын ауыстыру және Зортөбе елді мекенінде жарықтандыру шамдарын орнату жоспарланған.