Шоубиз

"Келінжаннан шабыт алдық" Ұланғасыр Қами "Балқия" әнінің тарихы туралы айтты

Танымал әнші хит әннің шығу тарихымен бөлісті

Отандық әнші Ұланғасыр Қами репертуарындағы хит ән "Балқия" туралы The DS' Show бағдарламасында айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Әні Әлжан Нұрлыбектікі, сөзі Мирас Асандікі. Балқия деген сөзді продюсерім Назерке ханым тапты. Өйткені бір қыздың атын жазуды қаладық. Бір жағынан ерекше, екінші жағынан ұмытылып кеткен.  Сосын Мирасқа бердік, басында Балқадиша деп қояйық деп айтады. Біз әнді ұнатамыз. Сөзі жазылғаннан кейін, әнді алып қойдық деп жүрсек, ән сатылып кеткен екен. Ақшасын бердім деп жүріппін. Армандап қойдық әнді. Сұрап беріңіз дедім. Алам деп қойдық қой дедім. Сөйтіп басқа ән жаздық. Әр істің қайыры бар екен. Бірінші әнде қайғы бар еді. Мына әнде қайғы жоқ қой.", - деді ол. 

Әншінің продюсері Назерке Балқия Келінжаннан алынғанын айтты.

"Ұланғасыр қыздың аты бар ән шығарғым келіп жүр деді. Той саласына байланысты болсын дедім. Өзіме Балқия персонажы ұнайды, оның характеріне сәйкес келетін, жеңіл ән шығарайық дедім. Балқия шабыт берді.", - деп еске алды ол.