Алматыдан 108 шақырым жерде жер сілкініпті
Магнитудасы 4,4 балл
Алматы қаласынан 108 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 2 сәуірде Астана уақытымен 08:56-да тіркеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,1, MPV магнитудасы - 4,4", - делінген хабарламада.
Ел аумағында жер сілкінісі сезілмеген.