Бишімбаев Нүкеновамен бірге емшіге не үшін барғанын айтыпты
Сотталушы Салтанат бала көтере алмай жүргеніне уайымдағанын айта кетті
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанатпен бірге неліктен көріпкелге барғанын айтты,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Сот отырысында Бишімбаевқа неге балгерге барғаны туралы сұрақ қойды. Алайда сотталушы бұл әйел көріпкел емес, емші екенін, ал Салтанат бала көтере алмай жүргеніне уайымдағанын айта кетті.
"Ол бала көтере алмады. Емші таңғы 6-дан 10-ға дейін қабылдайды. Бірақ Салтанаттың таңертең оянуы қиынға соғатын. Ал ол жақта таңғы 5-те кезекке тұрмасаң, емшіге кіре алмайсың. Мен оны таңғы 5-те осы себепті ояттым. Ол бала көтергісі келді, ал мен балалы болғым келді, бірақ әйтеуір болмады", – деді сотталушы.