Қарағандылық қылмыстық топ студенттер мен кәсіпкерлерді соққыға жыққан
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталған
Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Newsroom.kz
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілер - "Қармет" АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.
Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғып, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.
"Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.