Бетперделі азамат тазалықшы әйелге үй сыйлап, емге қажет қаражатты табыстады
Қаһармандар арамызда жүр
"Человек в маске" есімімен белгілі желі қолданушысы 14 жыл тазалықшы болып жұмыс істейтін жалғызбасты анаға баспана сыйлады,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Бетперде киген жігіт 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әйелге қол ұшын созды. Әйелдің қызы ми ісігіне шалдыққан екен. Ол 14 жыл тазалықшы болып жұмыс істейді, уақытша тұрғызылған баспанада тұратын көрінеді.
«Еден жуып жүргеніме 14 жыл болды. Жұмысқа түнгі 2:30-да келемін, содан түскі 12-ге дейін жұмыс істеймін. Қызым ми ісігі ауруына шалдықты, химиотерапия алып жүрміз. Жалдамалы пәтерде тұрамыз. Газ, су, туалет жоқ. Еден жуып шаршадым. Шыны керек, ұйқым қанбайды, көз жасымды қызыма көрсетпеймін», — дейді әйел.
«Жақындарымыздың бірі ауырғанда бір ғажап сәтті күтеміз ғой. Сол сәт бүгін туды» деп бетперде киген жігіт әйелге жаңа пәтердің кілті мен қызын Түркия елінде емдеуге қажет қаражатты табыстады.