БҚО-да 26 жастағы құтқарушыны пышақтап кетті
Шабуылдаушы мас күйінде болған
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында 26 жастағы құтқарушыны пышақтап кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.