Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Атырау облысында 559 тұрғын эвакуацияланды

Су басу қаупі төніп тұр

Атырау облысында 559 тұрғын эвакуацияланды
Фото: Атырау ТЖД

Атырау облысы Миялы ауылының тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.

Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 31 наурызда сағат 17:45-тен бастап Миялы ауылының тұрғындарын Халықты қабылдаудың үш пункті бойынша ішінара эвакуациялау басталды. Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша 559 тұрғын, оның ішінде 327 бала эвакуацияланды.

Атап айтқанда, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп: 210 адам, оның 124-і бала; Ы.Шореков атындағы мектеп-гимназиясы: 79 адам, оның 53-і бала; "Нұршуақ" балабақшасы: 270 адам, оның 150-і бала.

Тасқын судың келуінен Миялы-Қарабау-Индер облыстық маңызы бар тас жолының Миялы ауылынан 500 метр жердегі бұзылған жердің айналма жолы жырылып, автокөлік қатынасы толықтай тоқтады. Ойыл бойында орналасқан округ тұрғындары үшін  2 қайықпен  тасымал жүруде.

Ойыл өзені өз арнасынан асып ағуда. Судың қазіргі деңгейі – 3,2 метр. Тасқын су Миялы ауылының жырылған жеріне келіп құюда. Ойыл бойымен аққан су  «Ералы» су торабы арқылы кетуде. «Ералы» су торабы су өткізу межесі – 2,5 метр. Аққан судың деңгейі – 1,80 м. Қазір Миялы ауылына қауіп жоқ. Жырылған жердегі жиналған су Жарыпшыққан өзені арқылы кетуде. Сонымен қатар қауіп төндірген Сағыз өзені өз арнасымен ағып, су деңгейі түсіп, қауіп сейілді. Негізгі тасқын су түнделетіп келеді деген болжам бар.