Алматыда күзетшіні өлтірген қанішер туралы ақпараттар анықталды
Ол нашақорлыққа салынған және көршілерін үнемі қорқынышта ұстағаны айтылды
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні айуандықпен өлтірген ер адамға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Кешен тұрғындарының айтуынша, күзетшіні көлікпен қағып, соққыға жыққан 45 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы ата-анасымен бірге "Меркур Таун" тұрғын үй кешенінде тұрған. Ол нашақорлыққа салынған және көршілерін үнемі қорқынышта ұстағаны айтылды.
"Ол шу шығара бастағанда ата-анасы көмек сұрайды. Мас болған кезде оны бәрі тыныштандырады, шлагбаумнан өткізбейді. Бұл жолы ол мас күйде көлік жүргізбек болды, бірақ кезекші күзетшіміз Нұрбол оны өткізбеді. Бірақ ол бәрібір кетіп қалды. Нұрбол оның соңынан шығып, қайда кеткеніне қарады. Ол қайтып келе жатқанда, бұл көлік қайтып келді. Ол қайтып келіп, аулаға кірді. Нұрбол қақпаны жауып жатқан, сол кезде ол көлікпен оны үш рет қақты, сосын көліктен түсіп, басына бөтелкені сындырған, сосын оның үстіне секірген", - дейді "Меркур Таун" тұрғын үй кешені ПИК өкілдері.