Қылмыс

Күзетшіні аяусыз өлтірген ер адам 14-қабаттан секірмекші болған

Күдіктіні полиция қамауға алды

Желіде Алматыда ТК күзетшісін жан түршігерлік жағдайда өлтіргені туралы мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Самал-3, 25 шағынауданында, "Меркурий Тауерс" ТК-де болған ауыр қаза туралы хабарлаған едік.

Полиция келгеннен кейін күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысып, 14 қабатқа үйіне көтеріліп, терезеден секіргісі келді. Полиция қызметкерлері бұған жол бермей, оны қамауға алды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсініктеме беріп, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақатын келтіріп, нәтижесінде күзетші қайтыс болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.