Бектенов Қазақстанның су тасқыны қаупі бар өңірінде болыпты
Олжас Бектенов өткен жылдың сәуір айында шамадан тыс толып кеткен Сергеев су қоймасының жағдайына назар аударды
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен су тасқыны қаупі бар аймаққа кіретін Солтүстік Қазақстан облысына келді. Бұл туралы 2024 жылғы 28 наурызда үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады.
Жұмыс сапары барысында өңірдегі су қоймаларының жай-күйі мен су тасқынына қарсы іс-шараларды сапалы әрі уақтылы жүргізу жұмысына ерекше назар аударылды. Солтүстік Қазақстан облысы су тасқыны қаупі бар аймаққа кіреді. Облыстың негізгі су көзі – Есіл өзені үш су қоймасы: Астана, Сергеев және Петропавл су тораптарымен реттеледі.
Үкімет басшысы Петропавл су торабына барып, су қоймасының ағымдағы жағдайын тексерді. Қазіргі уақытта ол қалыпты жағдайда және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқыны кезеңінде су қоймасы алгоритмге сәйкес жұмыстың "транзиттік режиміне" ауыстырылады және тасқын сулардың өтуіне әсер етпейді.Сонымен қатар Олжас Бектенов өткен жылдың сәуір айында шамадан тыс толып кеткен Сергеев су қоймасының жағдайына назар аударды.