Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 наурыз, 2024 / Динара Сембаева / Шоубиз

Баласы бар келіншекке үйленетінін айтты Жахан Отарғалиев

Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында продюсер Зарина Мүслімге берген сұхбатының үзіндісін жариялады

Баласы бар келіншекке үйленетінін айтты Жахан Отарғалиев
Фото: Elorda.info

2023 жылы  KeshYou тобының мүшесінде болған әнші Балжан Бидашпен некесі  сәтсіз болған әзілкеш Жахан Отарғалиев енді баласы бар әйелге үйленуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz

Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында продюсер Зарина Мүслімге берген сұхбатының үзіндісін жариялады. Ол видеоға: «Барлық адам бақытты болуға лайықты» деп жазыпты.

«Есіңде ме, осыдан 5 жыл бұрынғы сұхбатта сенен «баласы бар келіншекке үйленер ме едің?» деп сұрадым. Сол кезде сен «жоқ» деп сенімді айттың. Қазір ойың өзгерді ме?» деп сұрайды жүргізуші.

Ал әзілкеш қазір ойы өзгергенін айтты.

«Қазір қанша баласы болса да, ұнатып, жақсы көріп тұрсам алатын едім. Ол кезде сондай адам болды, бірақ қорқыныш бар еді», - дейді Жахан Отарғалиев.