Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға барады

Ақорда президенттің жоспарын жариялады

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге арналған жоспарын жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Таратылған хабарламада Мемлекет басшысының 28-29 наурызда Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен баратыны және Боао Азия форумының сессиясына қатысатыны атап өтілді.

Сонымен қатар, сапар бағдарламасына Қазақстан Президенті мен Қытай Халық Республикасы басшылығының, халықаралық ұйымдар мен Қытайдың ірі компанияларының басшыларының бірқатар кездесулері кіреді.

Тоқаевтың Қытайға алдыңғы сапары 2023 жылдың 16 қазанында болды. Одан кейін Қытайда екі күндік ресми сапарда болды.