Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация министрлігі арнайы суды пайдалануға 1300-ден астам рұқсаттама берді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекцияларына арнайы су пайдалануға 1910 өтінім келіп түсті

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекцияларына 2023 жылы арнайы су пайдалануға рұқсаттама алу үшін 1910 өтінім келіп түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Нәтижесінде 1325 рұқсаттама берілді, 585 өтінім қабылданбады.

Атап айтқанда, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы 142 рұқсаттама, Балқаш – Алакөл бассейндік инспекциясы – 267 рұқсаттама, Ертіс – 206, Есіл-101, Жайық – Каспий-285, Нұра – Сарысу-170, Тобыл – Торғай-56, Шу – Талас бассейндік инспекциялары - 98 рұқсаттама берді.

«Арнайы су пайдалануға рұқсаттама тазартылған сарқынды суларды өзендер мен су айдындарына жіберу, жерасты суларын пайдалану, құрылыстарды немесе техниканы пайдалана отырып, жерүсті суларын алу немесе пайдалану үшін қажет. Елімізде су ресурстарын қорғау іс-шараларын күшейту үшін бассейндік инспекциялар штаты 1,5 есе ұлғайтылды. Ал Су кодексінің жаңа редакциясында бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары беріледі», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.