Кадрлар

Астананың экс-әкімі Эстонияға Елші болып кетті

А.Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Алтай Көлгінов жаңа қызметке келді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, бұл қызметтегі Нұрлан Сейтімов лауазымынан босатылды.