Жаңалықтар

Ел өңірлерінде су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда

Бүгінгі таңда ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алды

Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтардың жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны іске қосылды: : ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД  8 711 2 55 40 88.

11 өңірде әкімдіктер мен ТЖД өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Су айдындары мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен астам техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден астам техника, 200-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖМ мен әкімдіктердің жұмылдырылған күштері мен құралдары 320 мыңнан астам текше метр су сорылды, интерентті материалдар салынған 7 мыңнан астам қап төселді. Ең қауіпті учаскелерде нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық ауылында су басқан 5 жеке тұрғын үйден, 34 аула аумағынан суды сорып шығару жұмыстары жалғасуда. Жалпы облыс бойынша су басқан үйлер мен аула аумақтарынан 51 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, инертті материалдар салынған 7,9  мыңнан астам қап төселді. 543 текше метр қар шығарылды. 

Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Арқалық қаласында 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үй су астында қалды. Үздіксіз жүргізілген су сору жұмыстарының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғын үйлерінен су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.