Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындапты

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Оңталап Оңалбаев Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы елшісі лауазымына тағайындалды

Фото: Gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Ақорда Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Оңталап Оңалбаев Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы елшісі лауазымына тағайындалды; Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісі болып тағайындалды. Ол Израильдегі, Кипрдегі елші қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды; Дәулет Ембердиев Қазақстанның Израильдегі елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы елшісі Қанат Тумыш Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды; Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Того Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның Солтүстік Македония Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды. 

Жүктелуде...