Клебановтың компаниялары 20 мың адамды жоқ су ақысын төлеуге мәжбүрлеген
Қадағалаушы мекеменің араласуы арқасында 20 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері қайта есептелді
Павлодар облысында прокуратура олигарх Александр Клебановтың бақылауындағы компанияларға қала тұрғындарының жазда ыстық суға төлеген ақшасын Павлодар мен Екібастұз тұрғындарына қайтаруды бұйырды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС монополист коммуналдық кәсіпорындар қала тұрғындарынан жаздың өзінде ыстық су үшін төлемақы алып отырған. Тіпті, Павлодар мен Екібастұз тұрғындары аптап ыстықта бұл ресурсты пайдаланбаған.
Қадағалаушы мекеменің араласуы арқасында 20 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері қайта есептелді. Қайта есептеу наурыз айындағы түбіртектерде көрсетіледі.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС «ОАЭК» АҚ (Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы) арқылы олигарх Александр Клебановтың меншілігінде.