weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Клебановтың компаниялары 20 мың адамды жоқ су ақысын төлеуге мәжбүрлеген

Қадағалаушы мекеменің араласуы арқасында 20 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері қайта есептелді

Клебановтың компаниялары 20 мың адамды жоқ су ақысын төлеуге мәжбүрлеген
Фото: Российская газета

Павлодар облысында прокуратура олигарх Александр Клебановтың бақылауындағы компанияларға қала тұрғындарының жазда ыстық суға төлеген ақшасын Павлодар мен Екібастұз тұрғындарына қайтаруды бұйырды,-деп хабарлайды Newsroom.kz 

Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС монополист коммуналдық кәсіпорындар қала тұрғындарынан жаздың өзінде ыстық су үшін төлемақы алып отырған. Тіпті, Павлодар мен Екібастұз тұрғындары аптап ыстықта бұл ресурсты пайдаланбаған.

Қадағалаушы мекеменің араласуы арқасында 20 мыңнан астам азаматтың коммуналдық төлемдері қайта есептелді. Қайта есептеу наурыз айындағы түбіртектерде көрсетіледі.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС «ОАЭК» АҚ (Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы) арқылы олигарх Александр Клебановтың меншілігінде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→