Иманды болсын! Танымал педиатр Бекбай Хайрулин өмірден өтті

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының директоры 64 жасында қайтыс болды

Фото: Корпоративный фонд

Белгілі балалар дәрігері Бекбай Хайрулин өмірден өтті. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының директоры 64 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Newsroom.kz

Бүгін таңертең 64 жасқа қараған шағында біздің қымбатты досымыз, әріптесіміз және мейірімді, жанашыр адам, педиатр дәрігер, UMC медициналық директоры Бекбай Еслямұлы Хайрулин ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, көз жұмғанын өкінішпен хабарлаймыз.

UMC ұжымы атынан орны толмас қайғыға ортақтасып, Бекбай Еслямұлының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деп жазды UMC.

Жүктелуде...