Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Шоубиз

Доллар өсіп жатыр ма?

26 наурыздағы валюта бағамы қандай?

Доллар өсіп жатыр ма?
Фото: almaty.tv

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі валюталарының бағамы белгілі болды, деп хабарлайды newsroom.kz.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 451,27 теңге, еуро – 489,13 теңге, рубль – 4,87 теңге.

Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 448 теңге, сату бағамы 453 теңге, ал айырбастау орындарында еуроны орташа сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 493 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттерінде рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,7 теңге, сату бағамы 4,85 теңге.

Алматыда айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 450,1 теңге, сату бағамы 452,1 теңге, ал еуроны орташа сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 492 теңге.

Алматыдағы айырбастау орындарында рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,73 теңге, сату бағамы 4,85 теңге.

Шымкентте ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 450 теңге, сату бағамы 453 теңге, ал еуроны орташа сатып алу бағамы 488 теңге, сату бағамы 492 теңге.

Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында рубльді орташа сатып алу бағамы 4,78 теңге, сату бағамы 4,85 теңге.