weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы облысында 3 жасар қыз 10 күннен бері іздестіріліп жатыр

Бүлдіршінді іздеуге арнайы комиисия құрылды

Алматы облысында 3 жасар қыз 10 күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: Алматы ПД

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қыз 10 күннен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз бала 17 наурызда үйден шығып кетіп, оралмаған. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында болған. Полицияға баланың анасы кешке хабарласқан.

"Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Баланы іздеу үшін арнайы комиссияға жергілікті тұрғындар да қосылды.