"Ағамды пышақтап кетті" Нұрболат Қанай әнінің шығу тарихымен бөлісті
9 жыл бұрынғы оқиғамен бөлісті
Белгілі әнші Нұрболат Қанайдың соңғы жазған "Қара бұлтың көшсін" әні тыңдарман қауымның көңілінен бірен шықты. Өнер иесі туындыны кісі қолынан қаза тапқан ағасының жарына арнап жазған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Нұрболат Қанай әлеуметтік желідегі парақшасында 9 жыл бұрын қаза тапқан ағасының оқиғасын айтып берді.
2015 жылы Алматыда жүрген кезде, ауылдан суық хабар келді. Құлсарыда тұратын ағамды біреулер пышақтап кетіпті. Артында ата-анасы, жары, екі баласы қалды. Сол жылдар бізге өте ауыр болды. Балалары өте кішкентай еді. Қазір Аллаға шүкір, есейді, – деп көзіне жас алды әнші.
Өнер иесінің айтуынша, “Қара бұлтың көшсін” деген әнді ағасының әйеліне арнаған.
Ағам кеткеннен кейін, жеңгем тұрмысқа шықпады. Екі баласын өсіріп, жетілдірді. Жеңгеме ризашылығымды ән арқылы жеткізгім келді. Бұл әнде ағамның сағынышы да, соңғы сөзі де бар. Жеңеше, сен бақытты болуға лайықсың!, – деді әнші.