Жаңалықтар

Пітір садақаның ақшасына мұқтаж жанға тамақ алып беруге бола ма?

Имам жауап берді

Нұрлан имам пітір садақаға байланысты сұраққа жауап берді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Желі қолданушысы имамнан "пітір садақаның ақшасының орнына тамақ алып берсем бола ма" деп сұрады.

“Жоқ, ақшасын беру керек. Ол өзі біледі. Мысалы сіз оған ұн алып бересіз. Ал ол ұнды істей алмайды. Мысалы, мен бір жағдайы жоқ адамдарды көрдім. Ет берейін десең, үйінде тоңазытқыш жоқ. Ұн берейін десең, мүгедек жандар, оны істей алмайды. Сол үшін нақты не керек, соны беру керек екен”,- дейді Нұрлан имам.