Қай дұғаны оқып, Құдайдан перзент сұрауға болады?
Ізгі ұрпақ сұрау үшін дұғалар
Құран Кәрімдегі перзент сұрау үлгілері Адамзат тарихында ғұмыр көшкен талай игі жақсылар, тақуа жандар, әулие-әнбиелер, пайғамбарлардың өздері Алла Тағаладан басқаларға үлгі болатын, арттарында тұяқ болатын ізгі ұрпақ сұраған,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы fatua.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың дұғалары туралы Құран Кәрімде былай делінген: «Олар: «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдарын бер! Әрі бізді тақуалардың алды қыл!», – дейді» (Фұрқан, 74); ﴿
Құран Кәрімдегі әрбір қисса, әңгіме кейінгілерге ғибрат әрі үлгі екендігі белгілі. Олай болса аталған ізгі жандар мен пайғамбарлардың дұғалары бізге де үлгі.
Тәңірден перзент тілеуші кез келген мұсылманға осы дұғалармен жалбарынса, иншалла, дұғасы қабыл болар. Ол дұғалар төмендегідей.
Аталған аяттардан алынған дұғалар ﴿رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ﴾ Оқылуы: «Рабби һәб ли минас-саалихин».
Мағынасы: «Раббым, маған ізгі ұрпақ сыйла!» (Саффат, 100). ﴿رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنْكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاء﴾
Оқылуы: «Рабби һәб лии мил-ләдункә зуррийәтән таийбән, иннәкә сәмииъуд-дуъәә».
Мағынасы: «Раббым! Маған Өз қасыңнан ізгі ұрпақ сыйла! Расында Сен тілекті естушісің!» (Әли Имран, 38). ﴿رَبِّ لَا تَذَرْنِي فَرْداً وَأَنتَ خَيْرُ الْوَارِثِينَ
Оқылуы: «Рабби ләә тәзәрни фәрдән уа әнтә хайрул-уаарисин».
Мағынасы: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма! Расында Сен мирасқорлардың ең қайырлысысың» (Әнбия, 89). ﴿رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَاماً﴾
Оқылуы: «Раббәнә һәб ләнәә мин әзуәджинәә уа зуррийәтинә қурратә аъйун, уаджъәлнәә лилмуттәқиинә имамән».
Мағынасы: «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдарын бер! Әрі бізді тақуалардың алды қыл!» (Фұрқан, 74).