Жаңалықтар

Украина тарапы Ресейдегі террористік әрекетке еш қатысы жоқ екенін мәлімдепті

"Крокус Сити Холлдағы" (Мәскеу облысы, Ресей) атыс/жарылыстарға Украинаның еш қатысы жоқ", - деді Михаил Подоляк

Владимир Зеленскийдің кеңсесі, сондай-ақ Украина Сыртқы істер министрлігі кеше түнде Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратына жасалған қарулы шабуылға елдің қатысы жоқ екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Newsroom.kz

 Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк кеше түнде Мәскеудегі"Крокус Сити Холл" концерттік кешеніне жасалған шабуылдан кейін X әлеуметтік желісінде жазба жариялады. "Крокус Сити Холлдағы" (Мәскеу облысы, Ресей) атыс/жарылыстарға Украинаның еш қатысы жоқ", - деді ол. Оның айтуынша, Украина ешқашан террористік әдістер жасаған емес. Сонымен қатар оқиғаға қатысты Украина Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында түсінік берілді. Олар сондай-ақ болған оқиғаға еш қатысы жоқ екенін баса айтты. "Украина Сыртқы істер министрлігі Мәскеу облысының Красногорск қаласындағы "Крокус" концерттік залында болған атысқа Украинаның қатысы бар деп Ресей шенеуніктерінің айта бастаған айыптауларын үзілді-кесілді жоққа шығарады", - делінген хабарламада.