Жаңалықтар

Мәскеуде террористер шабуыл жасады! Тоқаев Путинге көңіл айтты

Мәскеуде бейбіт тұрғындарға қарсы террористік әрекет орын алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік әрекетке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. 

Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Мемлекет басшысы лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Айта кетейік, Мәскеудегі  "Крокус Сити холл" ғимаратында белгісіз біреулер басып кіріп, атыс ұйымдастырған.

Қазір адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

"Белгісіз біреулер "Крокус Сити холл" ғимаратына оқ жаудырды. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр", - делінген хабарламада.

Бұл кезде "Пикник" тобының концерті болып жатқан.

ТАСС агенттігіне оқиға куәгерлері атыстан зардап шеккендер мен жараланғандар бар екенін хабарлады.