Жаңалықтар

Жемқорлық! Футболдағы жеңіліс туралы танымал журналист не жазды?

Футболды жауып тастау - бұл тығырықтан шығудың шешімі емес,-деді ол

Футболдағы жеңілістің бес себебін Спорт журналисі Бек Төлеуов өзінің Facebook парақшасында жазды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Команда дайын емес

Біріншіден, біз әлі Еуропа чемпионатына баруға дайын емеспіз. Қонақ келгенде алғашқы 1-2 күнге барымызды тосып, сосын әр жағымызда шама-шарқымыз көрінетіні секілді жағдай ғой. 

Команда ментальды, психологиялық және шеберлік тұрғысынан дайын емес. Иә, арасында Данияны жеңгендей сенсацияға жасауға болады. Бірақ шешуші сәтке келгенде олқы тұсымыз көрініп қалады.

Бапкердің қателігі

Грекияның фаворит екені анық болатын. Бірақ 0:5 ешкім күтпеген есеп. Дәл осы матчта бапкер тактика тұрғыда қате жіберді. Нұрәлі Әліп болмаса да, Темірлан Ерлановтың басқа қорғаушы қажет еді. Бірінші таймда Чесноковқа ғана ешкімнің претензиясы жоқ шығар. Қалғандары нашар ойнады. Біздің футболшылар қыс бойы Түркияда жаттығу жиынын өткізді. Сосын келіп, көктемде күн жылығанда Дубайға барды. Грекиямен ойынға осы жаққа ауа райы ұқсас жерді таңдау керек еді. Түркия дұрыс па еді. Тіпті, ұзақ үзіліс алмай, жақындағанда келіп, 2-3 күн жаттыға салу қажет па еді? Кім білсін

30 жылдағы жағдай

Біз футболға әлі күнге дұрыс көзқараста емеспіз. Бұл әлемдегі нөмірі бірінші ойын. Бұл әлеуметтік лифт. Анау алыс шалғай фавеллалардан шығып, түгел әулетін асырап жатқан әлемдік жұлдыздар бар. 

Біз бірақ әлемде жүйесі қойылған спорттың реформасын дұрыс істей алмай жүрміз.

Елде не жөні түзу алаң, не сапалы бапкер табылмайды. Ақша табудың көзі етіп, кім көрінген футбол орталығын ашқан. Олар үшін ата-аналардың төлейтін ақшасы табыс көзі. Бұл қазақ футболына жасалып жатқан қастандық. 

Жемқорлық, таныс-тамырлық болып жалғаса беретін әңгімелер кете береді.

Футболды жауып тастау - бұл тығырықтан шығудың шешімі емес. Біз оны қалай дамытамыз деп бас қатырумыз керек. Талап етуіміз қажет. Бюджет қаржысын қысқартып, жеке демеушілердің көп келуіне мүмкіндік беруіміз қажет. Олар салықтық жеңілдіктер, жарнамасын, өнімін өткізе алатын алаң болуы тиіс. Сонда ғана бірдеңе шығады,-деді ол.