Астанада Наурыз мерекесіне орай 2,5 тоннадан аса палау әзірленіпті
Екі күн ішінде астаналықтар 2,5 тоннадан астам тәжік, саммарқандық, ташкенттік палауларының дәмін татты
Наурыз мерекесін тойлауда палау фестивалі де өтті,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан аспаздары бір-бірінен ингредиенттермен ғана емес, сонымен қатар пісіру әдісімен де ерекшеленетін палаудың түр-түрін дайындады. Екі күн ішінде астаналықтар 2,5 тоннадан астам тәжік, саммарқандық, ташкенттік палауларының дәмін татты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астаналық орталық саябақта көктемнің басты мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді. Наурыз мерекесіне Иран мен Тәжікстан елшіліктері бірікті. Өз киіз үйлерінде ынтымақтас елдердің дипломатиялық өкілдері Наурыз көже рецептерімен бөлісіп, дәстүрлі тәттілермен бөлісті.
Түркі және парсы халықтары үшін ортақ мерекеге 2 күнде 15 мыңнан астам астаналық келді.
Мереке қонақтары үшін эстрада жұлдыздары мен би ансамбльдері өнер көрсетті. Мереке аллеясының бойында жеті қазынаның бірі – тазы, ұлттық киімдегі батырлар және халық әндерін орындайтын әншілер шеру етті.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтіліп жатыр. Мереке онкүндігінің әр күні салт-дәстүрлер мен Наурыздың терең мағынасын қамтитын белгілі бір тақырыпқа арналған.