Жаңалықтар

Кәрім Мәсімов жазасын қалай өтеп жатыр?

Ержан Сәденов пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ержан Саденов ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды. Бас бостандығын шектеу мекемесінде (ред. – ҚАЖ мекемесі)", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Тілші "Журналистердің Мәсімов отырған колонияға кіріп, одан сұхбат алуға мүмкіндігі бар ма? Неге көрсетпейсіздер?" деп сұрады. 

"Оны неге көрсетеміз? Мысалы, колонияға кірудің өз рәсімі бар ғой. Адвокаттары кіре алады", - деді Ержан Саденов.

ҰҚК экс төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Іс сотта "аса құпия" белгісімен қаралды.