Әйел адамның білім деңгейі жоғары болған сайын бала көтеруі қиындай береді,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл туралы дәрігер Ан Виктория metabody_kazakhstan функционалды медицина орталығына берген сұхбатында айтты.
“Әйелдерде IQ жоғары болған сайын жүкті болу қиындай береді. Мысалы, үлкен қалалардағы мәселе көбінде - бедеулік. Содан кейін көбі әйел іздегенде не үшін ақылды әйел іздеймін деп ойлайды. Себебі сенде IQ жоғары болған сайын сенің қорқыныштарың да өсе береді. Анализ көп жасайсың. Сол себептен үлкен қалалар демография жағынан әлсіз. Ал әйел адам жаны тыныш болғанда, жеңіл сезінгенде ғана жүкті болады”,- деді дәрігер.