Интроверттер төңкеріс жасауы үшін қандай кітап оқуы керек?
Өз қабілеттерін тиімді қолдану үшін не істеу керек?
Интроверт адам өз мінезінің ерекшеліктерін толық түсінсе, ол жолындағы кедергілерден сүрінбей өтіп, жетістікке жете алады.
Жаны тыныштықты сүйетін осы жандар мақсатына жету үшін қандай кітапты оқуы керек?
Өмірдің құпиясы - өзіңе жайлы, жарық түсетін жерді табу. Біреулер үшін ол сахнаның ең жарық тұсы, енді біреулер үшін шам қойылған үстел болуы мүмкін”,- дейді Сьюзан Кейн өзінің “Интроверт” кітабында,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы astana.kitapal.club парақшасына сілтеме жасап.
Автор кітапта интроверттердің мінез ерекшеліктерін артықышылық деп таныстырады. Яғни, экстроверттік қоғамда өз болмысыңыз арқылы жетістікке жету жолын көрсетеді.
Ал инсайтқа келсек, біріншіден тыныш орта - бұл интроверттер үшін жәй ғана ыңғайлы жер емес, өз қабілеттерін тиімді қолдана алатын алаң.
Екіншіден, өзіңіздің мінезіңіді құрметтеңіз, шынайы болыңыз. Әлеуметтік қысымға түсіп, экстроверт болам деп өзіңізді жоғалтып алмаңыз.
Үшіншіден, интроверттер тыныш жүріп, төңкеріс те жасайды. Олар сабырлы болу арқылы өмірде де, жұмыста да жетістікке жетеді.
Егер де интроверт болудың артықшылығын біліп, оларды танығыңыз келсе, сіз міндетті түрде оқуыңыз керек кітаптардың бірі осы.