Жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болыпты

ІЖӨ-ге қатысты 22,8% асып жығылады

Қазақстанның қаржы министрі Мәди Такиев сыртқа 27 триллион теңге қарызы бар екенін мәлім етті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

“ІЖӨ-ге қатысты 22,8% асып жығылады. Бізде шектеу бар – 33%. Ол қауіпсіз деп саналады”, – деп түсіндірді министр.

Елдің мемлекеттік қарызы дегеніміз не? Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл үкіметтің басқа мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан немесе жеке инвесторлардан алған ақшасы және оны болашақта қайтаруы керек. Әдетте Үкімет өз жобаларын қаржыландыру үшін қарызға ақша алады. Сондай-ақ мемлекеттік қарыз бюджет тапшылығын жабу үшін пайдаланылуы мүмкін.