Жаңалықтар

Абай Бегейдің әйелі отбасыдағы жанжалды қалай шешетінін айттыпты

Бірақ дәл қазір біз бір-бірімізді 1000 пайызға түсінеміз деп айта аламын,-деді Фариза Жұманова

Фариза Жұманова отау құрған кезде күйеуі Абай Бегей екеуінің арасында көптеген келіспеушіліктер болғанын ашық айтты,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Ерлі-зайыпты болған соң реніш те болады ғой. Бірақ дәл қазір біз бір-бірімізді 1000 пайызға түсінеміз деп айта аламын. Ұрыссақ та сәлден соң дым болмағандай жүре береміз", - деді әншінің келіншегі. Сонымен қатар Фариза Жұманова отбасылық өмірде болатын жанжалдарды қалай шешу керектігін түсіндіруге тырысты. "Отбасы болу оңай емес. Бірақ, әйел адам ақылды болу керек. Керек кезде аузын жабуы керек. Кейін ер адам басылған соң, сабырмен сөйлесуге болады. Біз бастапқыда 2 жыл бойы жаман қырылып қалатынбыз. Бірақ әр нәрсеге уақыт та керек демекші, қазір шүкір. Арасында ұрысамыз, бірақ тез қайтамыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.