Аймақтар

Алматы облысында үш жасар қыз жоғалып кетті

Іздестіруге 300-ге жуық адам жұмылдырылды

Алматы облысы Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Іздестіру әлі нәтиже бермеген көрінеді.

 

Қыз бала 17 наурызда түстен кейін Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында жоғалып кеткен. Үш жасар қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Полицияға кешке қыздың анасы хабарласқан. Ауданда арнайы іздеу тобы құрылып, жоғалған баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да қосылды. Жалпы 300-ге жуық адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, полицияға Куш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын жеткізген. Бұл дерек бірден аудандық ішкі істер бөліміне тіркелді. Арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы үйретілген иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.