Жаңалықтар

Иманды болсын! 29 жастағы қыз құдық құбырына құлап қайтыс болды

Құтқарушылар арнайы оттегі жіберген

Түркістанда 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кетіп, қайтыс болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Құтқарушылар оны бірнеше сағаттан кейін құдықтан шығарғанмен, келіншек көп ұзамай қайтыс болды.

Куәгердің айтуынша, азаматша өз-өзіне қол жұмсау мақсатында құдыққа түскен және алкоголді мас күйде болған. Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған еді.

Қызды құтқару үшін 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегі жіберген. Қызды алып шыққан соң бірнеше минуттан кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.