weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 наурыз, 2024 / Динара Сембаева / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасы қайғы жамылды

Арманның әкесі 62 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасы қайғы жамылды
Фото: insta/ @armankonyr

Танымал өнерлі жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасы қайғылы оқиға болды. Арманның әкесі 62 жасқа қараған шағында дүниеден озды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

“Қадірменді менің оқырмандарым! Біраз уақыт парақшама ештеңе салмай, тіпті кірмей кеттім. Жанұямызда қабырғамызды қайыстырған, қайғылы оқиға болды. Көңіл-күйім мүлдем болмады. Жұбайым Арманның әкесі, мені жақсы көретін және мен жақсы көретін, сыйлайтын аяулы Атам (келіні атасының атын атамайды ғой) мезгілсіз қайғылы оқиғаға ұшырап өмірден өтті. Менің жанашырым еді. Маған туған әкемдей болған тірегім еді… Амал қанша, қимас жаннан айрылып Арман екеуміз жылап қала бердік. Әлі есімді жия алмай жүрмін, қиын… Әкеміздің жаны жәннатта болсын, арты жақсылық болсын деп Құдайдан тілеймін”, – деп жазды әнші.  

Әнші Арман Қоңырбаев та әкесіне сағыныш жазбасын жариялады.

  “Қасиетті жұма күні. Менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті. Осы суреттерді естелік ретінде қалдырғым келіп тұр. Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын, Әке”, – деп жазды ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→