Қыз зорлады деп айыпталған полиция экс-бастығының соты қайта жалғасты
Марат Күштібаевтың сот отырысы жалғасты
Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы, қыз зорлады деп айыпталған Марат Күштібаевтың соты қайта жалғасты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"ҚР ҚК-ның 120-бабы бойынша айыпталып отырған Қ-ға қатысты қылмыстық іс Талдықорған сотында қаралып жатыр. Сот отырысының күні биыл 28 наурызға белгіленді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың соты сотталушының денсаулығына байланысты кейінге шегерілген болатын. 5 наурызда кезекті кездесуде сотталушы өзін нашар сезінген. Оны жедел жәрдем көлігімен Талдықорған ауруханалардың бірінің кардиология бөліміне жеткізді.
Қыз зорлады деп айыпталған бұрынғы жоғары шенді полицейдің соты жабық режимде өтіп жатыр.