Алматыда қоқыс үйіндісінен кішкентай бала табылды
Бала анасына табысталды
Алматыда жедел жәрдем бригадасы үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Elitar.kz-ке сілтеме жасап.
"Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды", - делінген жазбада.
Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.