Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

SOS! Елімізде абьюзер еркектер артып бара жатқан жоқ па?

Роза коуч қоғамдағы ауыр мәселе туралы жазды

SOS! Елімізде абьюзер еркектер артып бара жатқан жоқ па?
Фото: Canva.com

«Абьюзер күйеуді не істеуге болады? Екі ортада қалып қойғандаймын. Тастап кетейін десем балаларым төртеуі де майда. Қалай жұмысқа шығып, қалай асыраймын» - деп танымал roza.coach әлеуметтік желідегі парақшасына қарапайым қазақ әйелі жазған.

Қарапайым қазақ әйелінің күйі осындай. Бәрі емес, көбісі осындай жағдайда деп жазды roza.coach.

Неге туа береді дейсіңдер ма? 
Бала – бақ болып, өз несібесімен келеді. Күйеуім өзгереді. Бала көбейсе – оның жауапкершілігі артады деп ойлайды – деп жазылған аталмыш постта. 

Ал оған жазған келіншек болса, «дәрі-дәрмек, балаларға, өзіме киім-кешек бәрін қарызға аламын. Пособиемнен бөліп-бөліп беремін. Еще маган пособиеңді не не істейсің деп миымды жей береді. Алатыным 59 000 ғана, бәрін қарызға беретінімді біліп тұрса да сұрай беріп, қанды ішеді, жынды қылды әбден. Ешкімге айта алмай басым қатты. Біз жақта Жетісайда білесіз ғой, әке-шеше, туған-туыс мүлде қолдамайды айтқанмен, ажырасу дегенді ұят санайды» - деген хабарлама жіберген.

Біз осы қайда барамыз?