Жаңалықтар

Алматы әуежайы жұмысын қайта бастапты

Алматы халықаралық әуежайы ұшып кету-қону рейстеріне қызмет көрсету жұмысын қайта бастады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін ауа райына байланысты Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейстер тоқтатылған болатын.

"Алматы халықаралық әуежайы ауа райының тұрақталып келе жатқанын хабарлайды. Ұшу және ұшып кету рейстеріне қызмет көрсету жұмыстары қайта жанданды", –  делінген хабарламада.