Жаңалықтар

Қазақстандағы қайырымдылық немесе әлемдегі орнымыз қандай?

Әлемдік рейтингте елімізі 107 орынға жайғасқан

Өткен жылы Charities Aid Foundation қайырымдылық ұйымы 2023 жылдың World Giving Index яғни қайырымдылық индексін жасады. 

Әлемнің 142 елінен 147 мың адам дауыс беріп қатысқан рейтингте Қазақстанның орны көңіл көншітерлік емес деп жазады cafonline.org сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі. 

Бұл мәселеге көңіл аударып, мән беретініміз, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылдан бері қайырымдылық пен еріктілікке ерекше көңіл бөліп келеді. Сол жылы Президент қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізген болатын.  
Сол шарада, «қазір қайырымдылық жасайтын азаматтар мен көмек алушылардың реестрін құру бастамасы іске асырылуда. Бұл міндеттің барынша нақты орындалуына мүмкіндік жасаған жөн. Қайырымдылық жобалар арқылы өтетін барлық қаржының жұмсалуына ақпараттық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет» - деген еді. 

Өкінішке орай, Мемлекет басшысының өзі мән беріп отырған әлемдік рейтингте Қазақстан Мозамбик пен Ботсвана елдерінің ортасында 107 орынға жайғасқан. 

cafonline.org cafonline.org

Осы сауалнамаға қатысқан респонденттер мынандай 3 сұраққа жауап берген: 
•    Өткен айда қайырымдылыққа қаражат аудардыңыз ба?
•    Өткен айда танымайтын адамға көмектестіңіз бе? 
•    Өткен айда ерікті ретінде қандай да бір қызмет атқардыңыз ба?

Аталмыш сұрақтардың нәтижесінде Индонезия осымен 6 жыл қатарынан көш бастап келеді. Одан кейін Украина мен Кения және Либеря үздік төрттікті қорытындыласа, бесінші орынға АҚШ жайғасқан. 
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жеке қайырымдылықтың барлық түрі дамуы керек деп санайды. Әр адамның бастама көтеріп, өз қаржысын қайырымдылық мақсатқа бөле алатын жүйе құрылуға тиіс.   

– Өкінішке қарай, тиісті ақпараттық жұмыстар талапқа сай жолға қойылмаған, адамға сенім ұялататын тетіктер жасалмаған. Кейде бұқаралық ақпарат құралдарынан азаматтарымыз кімге және қалай көмектесуге болатынын білмейді деген ақпаратты естіп қаламыз. Ал егер азаматтарымыз мұндай жұмыспен айналысатын болса, олардың қайырымдылық қаржысы қай мақсатқа пайдаланылатынын нақты білу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

akorda.kz

Баяндамада 2022 жылы кем дегенде 4,2 миллиард адам (планетамыздың ересек тұрғындарының шамамен 72%) кем дегенде бір рет ақша, уақыт бөлгені немесе бейтаныс адамдарға көмектескені атап өтілген.
Бұрын КСРО – ға кірген елдердің ішінен Тәжікстан (24 орын), Қырғызстан (34) және Өзбекстан (36) Украинадан басқа рейтингте бәрінен жоғары болып тұр. Осы елдердің әрқайсысында респонденттердің 59-69%-ы өткен айда бейтаныс адамға кем дегенде бір рет көмектескенін айтқан.
Белорусия мен Түрікменстан елінің халқы бұл шараға қатыспағанын айта кеткен жөн. 
Индекс авторлары қайырымдылық индексі халқы дінді берік ұстанатын елдерде жоғары екенін атап өткен. Жоғарыда ол орта есеппен және иммигранттарда: басқа елде туылғандар қайырымдылықпен жиі айналысатындығы жазылған. Қысқаша айтқанда, өз өміріне қанағаттанған адамдар қайырымдылықты жиі жасайтын көрінеді.

Алдымызда қасиетті ай – Ораза мерекесі келе жатыр. Қазақстанымыз Ата заңымызда көрсетілгендей, зайырлы ел болса да, Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, қайырымдылыққа әрбіріміз өз деңгейімізде үлес қоссақ, бәлкім келесі рейтингтердегі еліміздің орны жоғарылап қалар?!