Жаңалықтар

"Тазалықшы қаланы бомбадан құтқарды" Ө.Кенжебек Ақтөбедегі оқиғамен бөлісті

Әркім өз міндетін дұрыс атқару керек

Белгілі журналист, блогер Өркен Кенжебек қоғамға қандай адам болса да көмегін тигізе алатынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz. Журналист әлемді өзгерту үшін ақшаның да, байлықтың да керек емес екендігін тілге тиек етті.

Бұған блогер Ақтөбедегі теракт керзіндегі тазалықшының жұмысынын дұрыс жасау арқылы қаланы бомба жарылысынан сақтап қалғандығын мысал етті.

"Көбіміз былай сылтау айтамыз ғой. Әлемді өзгертетіндей менде ақша да, байлық та, атақ та жоқ. Өте кішкентай, қарапайым адаммын деп. Бірақ сондай адам бола тұра да, қоғамға өз пайдаңды келтіруге болады. Егер міндетіңді дұрыс атқарсаң.

Ерлан Қарин ағам айтқан осы бізде теракт жиілеп кеткенде 2010-2011 жылдары Ақтөбеде 1 адам теракт жасағысы келеді. Сөйтіп түнгі 4-5 шамасында акиматтың қасына бомбасын қойып кетеді. Шамасы пакетке салып кеткен. Ал енді сол акиматтың қасын бір сыпырғышы бар тазалықшы күніге әдетінен жаңылмай тазалайды екен. Таңғы 6-да пакетті көреді, тратуардан алады да қоқыс контейнеріне темірдің ішіне сала салады. Бомба таңғы 9-да жарылады, адам көп болсын, өлсін деп әдейі уақытын келтірген ғой. Бірақ ешкімге зияны тимейді, өйткені темір контейнердің ішіне жарылады. Яғни бір адам өзінің қызметін дұрыс істеді, есесіне қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Сондықтан да менің қолымда билік жоқ, тегім жоқ, бай емеспін, әдемі емеспін демей, әрікм өзінің міндетін дұрыс істесе бәрі жақсы болады",- деді Өркен Кенжебек.