Қылмыс

"5 метрлік септиктен табылған" Бір жыл бұрын жоғалған ер адам өлі табылды

Иманды болсын! Туыстары марқұмды құлдықта болды деп ойлайды

Осыдан бір жыл бұрын 2023-тің жазында жоғалып кеткен Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны 9 айдан кейін өлі табылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Lider.kz инстаграм парақшасының жазуынша, Куколев Эдуард Юрьевич, 1989 жылы туған, 2023 жылғы 20 маусымда жоғалып кеткен. Сол күні кешке ол Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесі, 5а корпусы мекенжайдағы жұмысынан шыққан.

Туыстарының айтуынша, ер адам әдеттегідей мүгедектер қоғамдық бірлестігіне таңертең ерте жұмысқа шыққан. Бұл ұйымда Эдуард түрлі жұмысты атқаратын адам болып жұмыс істеді. Ол сол күні кешке қарай шаруасын бітіріп, жүргізушіні күтіп, үйіне қайтуға дайындалған. 

"Ұлым үйге қайтуға асықты, себебі сол күні әжесінің туған күні еді. Ол үйге тезірек жеткісі келді, бірақ сонда да жете алмады. Сол күні ол жұмыс киімімен жоғалып кетті", - дейді Эдуардтың анасы Марина Куколева. Жоғалған адамның туыстары Эдвардты еңбек құлдығында болған деп болжады.

Еріктілердің айтуынша, ер адам 13 наурызда Қарасай ауданында су сору кезінде бес метрлік септиктен табылған. Ер адам өлімінің себебін сараптама анықтайды.