Р.Рымбаеваның Ақтаудағы концертіне 50 ғана адам кепті
Ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындардың көбі келе алмапты
Белгілі әнші Роза Рымбаева Ақтауда дауылға қарамастан, ашық сахнада концерт берді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы inaktau.kz-ке сілтеме жасап.
Роза Рымбаеваның концерті алдын ала 14 наурызда өтетіні хабаррландырып қойған. Алайда бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының тұрғындарына секундына 20 метрге дейін жел соғатыны туралы хабарлама жіберген. Табиғаттың қолайсыздығына қарамастан өнер иесі концертін өткізу туралы шешім қабылдайды.
Біз концертті кейінге қалдырғымыз келген, бірақ Роза Рымбаева бұған үзілді-кесілді қарсы болды. Ақтау тұрғындары аптап ыстықта да, аязды күні де, дауылда да, тіпті сусыз қалған күндері де осы қаланы тұрғызды. Сондықтан бұл концерт – Ақтау тұрғындарына деген құрмет, - деген әнші.
Өнер иесінің кешіне облыстық орталықтан 50 шақты ғана адам келген.