Венесуэла президентіне қастандық жасамақ болғандар ұсталыпты
Венесуэла прокурорлары ұсталғандарға қылмыстық сөз байласу және кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағып отыр
Венесуэланың Монагас штатында Мемлекет басшысы Николас Мадуроның өміріне қастандық жасамақ болған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Newsroom.kz
«РИА Новости» агенттігі күдіктілер ондаған сарбаз жинап, қару-жарақтарын сайлап, бүлік ұйымдастыруды жоспарлағанын жазды.
Елдің Бас прокуратурасы ұсталғандар Ұлттық гвардияның дезертир-сержанты Ренцо Флорес және «Дело R» саяси ұйымының Уилфер Хосе Пинья екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ бас прокурор Саабтың айтуынша, олардың «Бірге Монагас үшін» саяси ұйымының мүшелері екені белгілі болған. Ұсталғандардың ұялы телефондарын тексеру барысында қару-жарақ алу және бүлік ұйымдастыру үшін 50 сарбазды тарту туралы әңгімелер анықталған.
Венесуэла прокурорлары ұсталғандарға қылмыстық сөз байласу және кісі өлтіруге әрекет жасады деген айып тағып отыр.