Қайырбек Арыстанбеков: күн тәртібі құрылтайда көтеріледі
Ұлттық құрылтай мүшесі күн тәртібіне тоқталды
Ұлттық құрылтай мүшесі, Экономикалық саясат институтының директоры, экономиканы екі есе ұлғайту тобының жетекшісі Қайырбек Арыстанбеков Атырауда өткелі отырған Ұлттық құрылтай қарсаңында, күн тәртібінде көтеріле бермейтін өзекті мәселелер құрылтайда айтылады дейді. Ол бұл туралы newsroom.kz тілшісіне берген арнайы пікірінде осылай деп мәлімдеген.
Сарапшы сөзіне сүйенсек, Ұлттық мүдде, азаматтық қоғам тағы да басқа әлеуметтік экономикалық-сауда мәселелерінде Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған құрылтай өте маңызды рөл атқарады.
Естеріңізге сала кетсек, Атырау қаласында 15 наурыз күні алқалы жиынның ІІІ кезекті отырысы өткізілуі жоспарланып отыр. Оған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі қатыспақ. Пленарлық отырыстың алдында таяуда құрылған 4 секция жұмыс жасайды.
Оқырманға ақпарат ретінде айтсақ:
1-секция: әлеуметтік экономиканың аймақтық дамуы;
2-секция: азаматтық қоғамға қатысты;
3-секция: білім саласы;
4-секция: мәдениет саласын қамтымақ.
Қ.Арыстанбеков сөзінше озық құқықтық шетелдік мемлекеттерге зейін салсақ, мұндай кеңестер сирек кездеседі екен. Өйткені, мұндай функцияны Парламент мойнына алған. Демек, бізде Ұлттық құрылтайдың болуы қоғамды қамтыған демократияның көрінісі десек, артық айтқанымыз емес. Былайша айтқанда, түрлі биік мінберлерде айтылмайтын және көтерілмейтін өзекті күн тәртібі осы Ұлттық құрылтайда көтеріледі.