Еуропалық Одақ жасанды интеллект жұмысын реттейтін әлемдегі алғашқы заңды мақұлдады newsroom.kz порталы DW.com-ға сілтеме жасап.
Тиісті қаулыны 13 наурызда Страсбургте еуродепутаттар бекітті. 523 депутат жасанды интеллект туралы заңды мақұлдау үшін дауыс берді, 46-сы қарсы болды, тағы 49-ы дауыс беруден бас тартты.
Жаңа құжат іргелі құқықтарды, демократияны, заңның үстемдігін және экологиялық тұрақтылықты қауіпті жасанды интеллекттен қорғауға, сондай-ақ инновацияларды ынталандыруға және Еуропаны осы салада көшбасшы ретінде бекітуге бағытталған.
Қабылданған заң жобасына сәйкес ЖИ қосымшалары әртүрлі тәуекел кластарына бөлінеді. Осыған байланысты провайдерлер қауіпсіздік пен ашықтық талаптарын орындауы керек. Нақты уақыттағы жаппай биометриялық бақылау сияқты кейбір қолданбаларға толығымен тыйым салынады.
Еуропада жасанды интеллект туралы заң сәуір айының соңында қабылдануы мүмкін, содан кейін Еуропалық Одаққа мүше елдердің дауыс беруі болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл қарапайым формальдылық болып саналады, өйткені ЕО - ға мүше елдердің елшілері отыратын тұрақты өкілдер комитеті заңды мақұлдады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың желтоқсанында Еуропалық Парламенттің, Еуропалық Комиссияның және ЕО мемлекеттерінің өкілдері жасанды интеллект туралы Заңның үш күндік талқылауынан кейін әлемдегі алғашқы жасанды интеллект туралы заң қабылдауға келісті.